Мектепке жол

 

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да балаларды жаңа оқу жылына дайындау бойынша қайырымдылық акциясына жыл сайын қатысу дәстүрге айналды. Оның ішінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасылар, ата-аналары мүгедек отбасылар, сондай-ақ жетім балалар да бар.

Осы жылы да біздің Кәсіпорын «Баланы мектепке жинайық» акциясына қатысып, «Нұр Отан» партиясы арқылы мектеп керек-жарақтары оқушылар сөмкесін 35 балаға және біздің қолдауымызды қажет ететін
10 балаға өз бетінше табыс етті.

Біздің еліміздің барлық балаларына жаңа оқу жылында жоғары жетістіктер мен зор табыстар тілейміз.